Алматының Наурызбай ауданында жаңа оқу жылында екі мектеп ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мектептегі орын тапшылығын азайту үшін 1 қыркүйекке қарай ауданда 2400 орындық 2 мектеп ашылады. Бұл - Қалқаман шағын ауданында 1800 балаға арналған №206 мектеп пен Қарғалы шағын ауданындағы 600 орындық «Заман» жекеменшік мектебі. Бұл туралы қала басшысы аудан тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ерболат Досаевтың айтуынша, жыл соңына дейін тағы 2 мектептің құрылысы аяқталады. Бұл - «Алма сити-5» тұрын үй кешені аумағындағы 1200 орындық және «Қалқаман» шағын ауданындағы Абай даңғылында орналасқан 1500 орындық мектеп.

Бұған қоса, Шұғыла шағын ауданы аумағындағы «Әлем сити» ТК, «Алма сити-4» ТК тұрғын үйді салушылар 1200 орындық 2 мектептің құрылысын қолға алған. Бұл 2023 жылдың 3-тоқсанында аяқталады.

«Құрамыс» шағын ауданында 1200 орындық және «Шұғыла» шағын ауданында 1600 орындық мектептің құрылысы келесі жылға жоспарланып отыр. «Шұғыла» шағын аудандағы №174 мектепке жапсарлас 375 орындық құрылыс жүргізудің ЖСҚ әзірленуде. Бұл келер жылдың 2-ші тоқсанында басталады. Мектепке дейінгі орын тапшылығын азайту үшін биыл «Шұғыла» шағын ауданында 320 орындық балабақшаның құрылысы басталды. Аяқталу мерзімі – 2023 жылғы 2-тоқсан»,-дейді қала әкімі.

«Нұрлы Дала» тұрғын үй кешеніде 320 орындық балабақшаның жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жақында 800 орындық 3 балабақшаның ЖСҚ дайындауға байқау жарияланады. Құрылыс 2023 жылы басталады.


Соңғы жаңалықтар