Алматының оңтүстігінде 5,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Қытай жерінде, Алматы қаласынан 352 шақырым қашықтықта күші 5,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді.

Алматының оңтүстігінде 5,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді

Бұл туралы ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеу институтының сейсмикалық ақпараттарды жинақтау және өңдеу орталығынан хабарлады.

 Орталықтың мәліметтеріне сәйкес, жерасты дүмпулері кеше, 18 сәуірде қаланың оңтүстігінде, Астана уақытымен 20 сағат 48 минутта тіркелді.

 Зілзала кіндігі солтүстік ендіктің 39.99 градусында, шығыс бойлықтың 76.94 градусында болғандығы анықталды.