Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орыннан 4 атыс қаруы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының орталығында қару-жарақ сақталған орын табылды

Шұғыл желі арқылы түскен ақпаратты Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті және Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексерді.

Жасырылған орыннан 4 атыс қаруы табылды.

Атап айтқанда, «Beretta Xtreme», «Tikka T3x», «Gamo FS 10x igt», «Sako TRG».

Тәркіленген қарудың нақты тиесілігі сот-баллистикалық сараптама арқылы анықталатын болады.

Сондай-ақ, сараптамалық зерттеу нәтижесінде қарулардың қандай да бір қылмыс жасауда қолданылған-қолданылмағаны тексеріледі.