Алматының орталығында жарықтың сөну себебі анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының үш ауданында жарықтың сөніп қалуының себебі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының орталығында жарықтың сөну себебі анықталды

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ақпаратына сәйкес, қаланың Алмалы,

Бостандық және Медеу аудандарындағы бірқатар секторлардың тұтынушыларына электр энергиясы бір сағат ішінде берілді.

«Сәтбаев – Қонаев – Төле би – Сейфуллин көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттардың электр қуатының үзілуі ПС-58А қосалқы станциясының жұмысындағы ақауға байланысты болды», - деп хабарлады компанияда.

Сондай-ақ компания өкілдері штаттан тыс жағдайдың алдын ала себебі ПС-58А қосалқы станциясын қоректендіретін кабельдік желінің механикалық зақымдануынан болғанын мәлімдеді.