Алматының орталық көшелеріндегі билбордтар жаңартылып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы жарнама құрылғыларын әзірлеудің жаңа форматына көшіп жатыр. Осыған байланысты билбордтарды жаңарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Әл-Фараби, Достық, Сүйінбай, Абай даңғылы бойындағы билбордтар қайта монтаждалды.

«Аймақтың сыртқы жарнамасы» компаниясының билборд форматындағы 506 құрылғысы бар. Жаңа форматтағы құрылғыларды орнату үшін компания 100 іргетасты әзірлеп қойған.

Компания басшысы Сергей Рычковтың айтуынша, компания билордтарды кезең-кезеңмен ауыстырмақ және бұл бағыттағы жұмысты ол сәуір айының соңынан бастап жүрзігбек. Компания жұмысты ең алдымен орталық көшелерден бастайды.

Қазіргі уақытта бір құрылғыда бірден 5 жарнама көрсете алатын айналмалы механизмі бар билордтарға тапсырыс берілген.
null 

Соңғы жаңалықтар