Алматының Орталық мешіті балалар арасында сурет конкурсын жариялады

АЛМАТЫ. 1 маусым. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматы қалалық Орталық мешіті балалар арасында «Қазақстан мешіттері» атты сурет конкурсын жариялады. Конкурс балалар күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр.

Алматының Орталық мешіті балалар арасында сурет конкурсын жариялады

«Конкурстың басты мақсаты - балалар назарын исламға аудару»,- дейді мешіт өкілдері. Конкурсқа 5-15 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Үміткерлер тақырып бойынша салған суреттерін 1 тамызға дейін Алматының Орталық мешітіне немесе meshit@inbox.ru электронды поштасына жолдауы тиіс. Суреттер түрлі - түсті қарындашпен немесе акварельдік бояумен салынған, көлемі А4 форматынан аспағаны жөн. Жеңімпаздар тамыздың 5-і күні жарияланып, Орталық мешітте арнайы марапатталады. Конкурс қорытындысы бойынша 1 орынға iPad Wi-Fi 16GB, 2 орынға iPod Touch 8Gb, 3 орынға iPod nano 16Gb бағалы сыйлықтары берілмек.