Алматының орталық стадионында «Олимпиадалық жүгіру күні» салтанатты түрде өткізілді

АЛМАТЫ. Мамырдың 16-сы ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы/ - Олимпиадалық шараға мектеп, колледж оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, спорт клубтарының, әскери мектептердің, министрліктер мен ведомстволардың, елшіліктердің өкілдері қатысты,

Алматының орталық стадионында «Олимпиадалық жүгіру күні» салтанатты түрде  өткізілді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл шара Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің, Алматы қалалық туризм және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.Олимпиадалық жүгіру күнінің өзіндік тарихы бар. Халықаралық олимпиада комитеті 1947 жылы «Әлемдік жүгіру күні» өткізіп тұру жөнінде шешім қабылданған болатын. Алғашқы олимпиадалық жүгіру күні 1948 жылғы маусымның 23-інде болып өтті .1987 жылы «Олимпиадалық жүгіру күні» атауы өмірге келді. Әлемдегі 200-ден астам Ұлттық Олимипиадалық комитеттер бұл күнді арнайы атап өтеді. Халықаралық Олимпиадалық комитеттің президенті Жак Роге мырзаның 2009 жылғы Олимпиадалық жүгіру күніне қатысушыларға жолдауында: «Бұл күн - ұлттық мереке күніне пара-пар. Бұл күні жер бетінде достық пен сыйластық татуластық салтанат құрады. Спорт барлық қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Спорт ? ізгілік пен жақсылықтың жаршысы», делінген.Шараға қатысушылар Халықаралық Олимиадалық комитеттің сертификаттарымен, арнайы жейделерімен, жүлделермен марапатталды.