Алматының ортасында ғимарат өртеніп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Төле би мен Қонаев көшелерінің қиылысындағы екі қабатты ғимарат өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«26 қазан күні сағат 22:44-де Алматы ТЖД кезекші бөліміне Медеу ауданындағы Төле би көшесінде орналасқан ғимараттың өртеніп жатқаны туралы ақпарат түсті. Қазіргі кезде өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр» , - деді ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Өрт туралы толық ақпаратты ТЖД кейін хабарлайтын болады.