Алматының полицейлері кезекті «телефондық лаңкесті» ұстады

Жарылғыш заттың қойылуына қатысты бұған дейінгі фактілерге ұқсатып, 24 жастағы алматылық өзінің «қалжыңының» нысаны ретінде «Ақсай» шағын ауданында орналасқан кішігірім қонақ үйді алған. Ақпарат түңгі сағат екі жарым шамасында түсті.
Алматы қалалық ІІД Басқармасының бастығы, подполковник Ерлан Оралбековтың айтуынша, қонақ үйге жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар ТЖД-ның кезекші бөліміне, ТЖД-дан ІІД-нің Шұғыл басқару орталығына жеткізілді. Қауіпті хабар ұялы телефоннан түскені бірден анықталып, телефон шалушының тұлғасы мен оның ақпаратының растығын анықтау үшін бірқатар шұғыл-іздестіру шаралары әзірленді.
15 бөлмесі бар шағын қонақ үйге дереу жеткен құтқарушылар ғимараттан қонақтар мен қызмет етушілерді, барлығы 25 адамды сыртқа шығарып, 1 жарым сағат бойы тінту жүргізді. Ғимарат аумағы қоршалып, көліктер алыс жерге қойылды. бұл жұмыстармен барлығы 30 полицей мен 15 қызметтік көлік айналысты.
Мәлім етілгендей, аноним бір сағаттан кейін өз пәтерінен ұсталды. Ұстау барысында «әзілкеш» қатты таңырқаған, себебі өзін құқық сақшылары таба алмайтынына сенімді болған.
Анықталғандай, Равиль өзінің бұл қарекеті жасырын қалу үшін алдын ала жіті дайындалған. Ол жеке басты кәуландыратын құжатты талап етпейтін сатушыдан арзан абоненттік нөмір сатып алғаннан кейін, қала сыртына шығып, жарылғыш зат туралы хабарлаған.
Тергеу барысында бұл қылмыс арқылы қандай да бір мақсатты көздемегенін, оны тек ойын үшін жасағанын айтты.
«Қылмыстық істі тергеу барысында қалалық психо-неврологиялық диспансердің дәрігерлерімен хабарласып, ұсталған азаматтың арнайы есепте тұрған-тұрмағандығын анықтайтын боламыз», - деп атап өтті Е.Оралбек.