Алматының Саин көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектелді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты кейбір жол бөліктерінде қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы Қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.
Саин көшесінің келесі бөліктерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі:
- Саин көшесінің Шығыс бетінде солтүстік бағытта Шаляпин көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі бөлігі - 19 қыркүйек сағат 21:00 мен 20 қыркүйек сағат 06:00 аралығында;
- Саин көшесінің Батыс бетінде Жандосов көшесінен Торайғыров көшесіне дейін - 20 қыркүйек сағат 21:00 мен 21 қыркүйек сағат 06:00 аралығында және 21 қыркүйек сағат 21:00 мен 22 қыркүйек сағат 06:00 аралығында;
- Саин көшесінің Шығыс бетінде Жандосов көшесінен Торайғыров көшесіне дейінгі бөлігі - 23 қыркүйек сағат 21:00 мен 24 қыркүйек сағат 06:00 және 24 қыркүйек сағат 21:00 мен 25 қыркүйек сағат 06:00 аралығында;
«Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз»,-делінген хабарламада.