Алматының сауда орталықтарына дезинфекциялық тунельдер орнатылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ірі сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтарына дезинфекциялық тунельдер мен стационарлық тепловизорлар орнату ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының сауда орталықтарына дезинфекциялық тунельдер орнатылады

«Бірінші кезеңде жалпы аумағы 500 шаршы метрден асатын 138 сауда нысаны ашылады. Бұл – шағын бутиктер, сұлулық салондары, химиялық тазарту қызметі мен мейрамханалар. Егер барлық талаптарға сай болатын болса – 25 мамырдан бастап жұмыс істеуге рұқсат», - деді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында.

Екінші кезеңде фуд-корттардың жұмысы қаралады. Үшінші кезеңде – кинотеатрлар мен ойын алаңдарын ашу жоспарда.

«Біз ауданы 2000 шаршы метрден асатын нысандарға дезинфекциялық тунельдер орнатуды ұсынамыз. Ал 20 мың шаршы метрден асатын объектілерге стационарлық тепловизорлар орнату қажет», - деді ол.