Алматының «Саяхат» автовокзалы аймағында сауда дүкендері өртенді

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат- Саяхат автовокзалы аумағын қалың өрт шарпыды. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының Жетісу ауданы, Райымбек даңғылы мен Сүйінбай көшесі қиылысында бірнеше дүкен өртенді. Өрт оқиғасы туралы хабар ТЖД «101» пультіне 14 маусым күні сағат 22:26-да хабар келіп түскен.

«Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 22:35-те жетті. Өрт сөндіру кезінде дүкен ғимараттарынан 6 газ баллоны шығарылды, оның үшеуі 50, үшеуі 25 литрлік баллондар. 5 сауда дүкені мен автовокзал шатыры өртенген. Құтқарушы топ өртті 22:55-те ауыздықтап, 28:08 де толықтай сөндірді»-деді Алматы қалалық ТЖД-нің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Алдын ала болжам бойынша, өртке оранған аумақтың жалпы көлемі 150 шаршы метрді құрайды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге 42 құтқарушы мен 12 техника күші жұмылдырылды.





Соңғы жаңалықтар