09:03, 19 Қараша 2011 | GMT +5
Алматының «Шаңырақ-2» шағынауданында 6 бала ысты газға уланып қалды
ТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Алматының «Шаңырақ-2» шағынауданында 1 әйел мен 6 бала ысты газға уланып, ауруханаға түсті.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 18 қараша күні «Шаңырақ-2» шағынауданының Жанқожа батыр көшесіндегі жер үйде пештің ақауы салдарынан 31 жастағы әйел, жаңа туған нәресте мен 7, 8, 9, 10 және 11 жастағы балалар көмішқышқыл газына уланып қалды.