Алматының шолғыншы полициясы «Құқық тәртібі» шарасын өткізу күндері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

АЛМАТЫ. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Алматының шолғыншы полициясы «Құқық тәртібі» шарасын өткізу күндері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті,

Алматының шолғыншы полициясы «Құқық тәртібі» шарасын өткізу күндері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Шара барысында шолғыншы нарядтардың саны артып, бағыттарының орналасуы тығыздалды. Айта кету керек, күн сайын Алматыда қоғамдық тәртіпті қорғауға патрульдік полиция полкінің 443-тен астам қызметкері, қала бойынша 130 шолғыншы көлік, оның ішінде 7 «Гранит» жылжымалы бекеттері және осыншама «Мираж» түнгі іздестіру тобы қатысады.

«Қылмыстық ахуалды шиеленістіріп алмас үшін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қосымша шаралар қолданылып отыр. Негізінде, полицияның барлық нарядтарының шолғыншылық бағыттары қайта қаралып, қылмыс көп орын алатын учаскелерге жақындатылды. Көлік бағыттары мен жаяу шолғыншылардың саны екі есеге артты. Азаматтардың демалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін адамдар көп шоғырланған жерлерде тәулік бойы жұмыс істейтін полицияның 20 тұрақты бекеттері орналастырылған, онда азаматтар заңға қайшы іс-әрекеттер фактілері бойынша тәуліктің кез келген уақытында хабарласа алады»,- деп атап өтті Алматы қаласы ІІД Шолғыншы полиция полкінің командирі, полиция подполковнигі Нұржан Нұрғалиев.

Ашылған қылмыстардың көпшілігі оқиға болған жерге бірінші болып жететін, қылмыскерлерді іздестірудің бастапқы шарасын ұйымдастыратын және көше қылмысының алдын алу да шолғыншы полицияның үлесінде екендігі жасырын емес. Мысалға, Алматыда өткен тәулік ішінде 35 қылмыс тіркелген болатын. «Ізі суымай» ашылған 31 қылмыстың 16-сы «Боран» экипажының тиімді жұмысының нәтижесі.

Сонымен, өткен түнде «Боран-151» шолғыншы экипажы өзінің танысын зорлаған, еш жерде жұмыс істемейтін 23-жасар азаматты «ізін суытпай» қолға түсірді. Техникалық қызмет көрсету стансасы бірінің сырлаушысының назары түскен «Жигули» автокөлігін айдап әкету фактісі ашылды. Бұған жақын уақытта «Боран-127» нарядының құрамы қаланың орталығында орналасқан азық-түлік дүңгіршегін тонаған екі бозбаланы қолма-қол құрыққа түсірді. Айтқандай, күдіктінің екеуі де - Алматы облысының әртүрлі аудандарының тұрғындары, оның біреуінің, тіпті, кәмелетке жасы толмаған да.

«Айта кету керек, қызмет кезінде шолғыншы полиция өкілдері адамдар көп шоғырланған жерлерге жіті назар аударады. Қоғамдық тәртіпті бұзған, немесе күдік тудырған адамдарды олардың жеке басын анықтау үшін аудан бойынша ішкі істер басқармаларына жеткізеді. Бір қуанарлығы, жұртшылық шолғыншы полицейлер жұмысын лайықты бағалап, оларға өздерінің алғыс сезімдерін білдіріп тұрады. Негізінде шолғыншы полицей ішкі істер органдарының бет бейнесі болып табылады, сондықтан қазір азаматтарға осы аталмыш қызмет туралы жағымды бейне қалыптастыру үшін барлық тиісті шаралар қолданылуда»,- деп сөзін тұжырымдады подполковник Нұрғалиев.