Алматының шығысына қарай 82 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ММ сейсмикалық стансасының желісінде 2014 жылғы 22 тамызда Алматы уақыты бойынша сағат 22. 03 минут, 01 секундта (Гринвич бойынша 2014 жылғы 22 тамызда сағат 16.06 минут 01 секунд) жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы СТӘЖ сайтында хабарланды.
None
None

«Жер сілкінісінің кіндігі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 82 шақырым жерде болды. энергетикалық сыныбы - 9.0. тербелісі MPV 4.2. тереңдігі 20 шақырым», - делінген хабарламада. Сезілгендігі туралы деректер жоқ.

Соңғы жаңалықтар