Алматының сұлулық салондары карантин аясында қалай жұмыс істеп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгіннен бастап бөлек ғимаратта орналасқан сұлулық салондары мен білім орталықтары жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының сұлулық салондары карантин аясында қалай жұмыс істеп жатыр

Алайда, қаладағы ШОБ нысандарының басым көпшілігі әлі ашылмаған.

Карантин режимі аясында шағын және орта бизнес субьектілері қалай жұмыс істеп жатқанын білу үшін 7 сұлулық салонын аралап көрдік.

Сұлулық салондарында қазір тек шаш қию қызметі ғана көрсетіліп жатыр.

Әкімшілердің айтуынша, халық тарапынан сұраныс азайған.

«Сұраныс азайды. Клиент жоқ. Маған бүгін тек 7-9 адам ғана жазылды. Тек алдын ала жазылу арқылы қабылдап жатырмыз. Маникюр 2000 тг, педикюр – 3500 тг, шаш кесу 1500 тг. Шаш бояу сияқты қызметтерді уақытша тоқтаттық. Барлық қажетті санитарлық талаптарды сақтауғы тырысып жатырмыз. Таңертеңгі 10:00-17.00 аралығында жұмыс істеп жатырмыз», - деді салондардың бірінің қожайыны.


Көптеген шаштараздар клиенттерден маска тағуын талап етіп жатыр.

«Қолымызды антисептикпен тазалап жатырмыз», - деді шеберлердің бірі.

Айта кету керек, Алматыда шаштараздар жұмысын сұлулық салондарынан ертерек, 4 мамырдан бастаған болатын.

Мұның алдында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев қалада 2000-ға жуық сұлулық салоны барын мәлімдеген болатын.

Әкімдік өкілі оларға қойылатын талаптарды жариялаған.

Сұлулық салондары Сall centre (+7 775 882 55 39, +7 775 882 57 08, +7 775 882 55 46, +7 775 882 54 16, +7 775 882 56 02, +7 775 882 53 12, +7 775 882 56 49, +7 775 882 52 00, +7 775 882 56 72, +7 775 882 53 92) арқылы хабарласып аудит өткізген соң ғана жұмысын бастай алады.

Сондай-ақ, олар аудитке электронды пошта (Infoalatau@mail.kz – Алатау ауданы, Infoalmaly@mail.kz – Алмалы ауданы, Infoauezov@mail.kz - Әуэзов ауданы, Infobostandyk@mail.kz - Бостандық ауданы; Infozhetysu@mail.kz – Жетісу ауданы; Infomedeu@mail.kz - Медеу ауданы, Infonauryzbay@mail.kz – Наурызбай ауданы, Infoturksib@mail.kz – Түрксіб ауданы) арқылы аудитке өтініш қалдыра алады.

Одан кейін шағын кәсіпкерлер infoalmaty.kz сайтында тіркеуден өтуі тиіс.

Алматы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб қала аумағында карантин режимінің сақталатынын мәлімдеген болатын.

Бұл ретте карантин режимі аясындағы шектеу шаралары 11 мамырдан бастап Штабтың ерекше өкіміне дейін жалғасады.