13:37, 03 Мамыр 2017 | GMT +5
Алматының таудағы жолында жарық пайда болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Бостандық ауданындағы жолда жарық пайда болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Қазселденқорғау» ММ АҚПБ-ға сілтеме жасап.
«Алматы қалалық ТЖД-дан Бостандық ауданы Ремизовка кентінің №400 учаскесінде жарықтың пайда болғаны туралы ақпарат келіп түсті. «Қазселденқорғау» ММ АҚПБ мамандары тексеру барысында анықтағандай, №400 учаскесі тұсындағы жолда ұзындығы 10 метрлік жарық пайда болған», - делінген «Қазселденқорғау» сайтында.
Қатты жаңбыр жауғанда топырақ көшкіні болуы мүмкін екендігі аталып өтті. Автокөлік жолы ашық тұр. Ведомство Бостандық ауданының әкімшілігіне қатты нөсер жауғанда автокөлік қозғалысын шектеуді ұсынды. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіп-қатерді жою шаралары жүргізілуі қажет.
Еске салайық, толассыз жауған жаңбыр салдарынан Алматының бірнеше ауданында үйлерді су басып, жаяу жүргіншілер көпірін жаңбыр суы шайып кетті.