Алматының төрт театры Сеулде өткен «Жібек жолы» фестиваліне қатысып келді

Ы. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Алматы қаласының 4 театры 17-27 қараша күндері Сеул қаласында өткен «Ұлы Жібек жолы» атты халықаралық театр фестиваліне қатысып келді.
None
None

 Бұл жайында театр басшылары бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл сапарға М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, М.Лермонтов атындағы мемлекеттік орыс драма театры, Республикалық корей театры және Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балар мен жасөспірімдер театры барған.

Жиын барысында аталмыш театрлардың басшылары халықаралық өнер додасы жайында көрген-білгендерін, түйген-түйсінген ой-пікірлерімен бөлісті.

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі Есмұхан Обаевтың айтуынша, бұл сапар өте мәнді әрі дұрыс шешім болған. «Корей халқының театрға деген талғамының жоғарылығы, қойылым барысын жан-тәнімен беріле қарайтындығы мені сүйсінтті. Олардан көп нәрсе үйренуімізге болады, онда мамандардың барлығы шетелдің танымал театрларынан тәжірибеден өтіп, дайындалады екен», дейді Е. Обаев. Сондай-ақ ол сахана безендіру ісі бойынша және техникалық жағынан корей театрлары бізден анағұрлым озық тұрғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар