Алматының Төтенше жағдайлар департаменті таудағы өрт себебін түсіндірді
«Бүгін «Горельник» шатқалынан жоғары Титов асуынан оңтүстік батыста құрғақ ши өртенді. Тілсіз жау 30 шаршы метр болатын аумақты шарпыды. 2 шыршаны өрт шалды. Өрт сөндірілмеген оттан тұтанған сиякты. ТЖД қызметкерлері мен орман инспекторлары бірігіп, айналаны қазып шықты. Орманды қарауылдауға орман күзеті қалды. Өрт сөндіру процесін бақылау үшін Қазәуеорманқорғау мекемесінің барлаушы ұшағы тартылды», - деді ол.
Оның айтуынша, өрт туралы хабарламаны шатқалдан түсіп келе жатқан туристер хабарлаған.
«Біз оқиға орнына Іле Алатауы ұлттық паркінің атты патруль, орманшыларын жібердік. Ауаға авиация көтердік. Құтқару қызметінің тікұшақтарын дайындадық. Өртенген жер тым жоғарыда орналасқандықтан, ол жаққа жаяу патруль жіберілді»,- деді Ерлан Әлібеков.
Осыған байланысты ТЖД өкілдері тауға шыққанда от жағуды, темекі тұқылын тастауды доғаруды ескертті