Алматының Түрксіб ауданы тұрғындарының сусыз отырғанына екі күн болды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Түрксіб ауданында ірі су құбыры бойында болған апатты жою жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Т.Рысқұлов даңғылы мен Герцен көшесі қиылысының батыс жағы көліктер үшін уақытша жабық.

«Сүйінбай-Баянауыл- Шемякин-Хмельницкий, Рысқұлов-Парковая-Құлыншақ-Баишев, Айша бибі көшелері мен «Атырау», «Шуақты» шағын ауданында орналасқан әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлерге су беру уақытша шектеледі. Аталған мекенжайлар мен шағын аудандарға автоцистерналармен су тасымалдау жүзеге асырылады»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

«Алматы Су» МКК апаттық бригадалары Герцен көшесі бойымен тартылған Д=500 мм магистральды су құбырын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда. Оған 16 техника жұмылдырылды.

Герцен көшесі арқылы өтетін магистральды су құбыры 1962 жылы пайдалануға беріліп, қаланы сумен қамтамасыз ету мақсатында 60 жыл жұмыс істеп тозығы жеткен.

«Алматы қаласының қолданыстағы инженерлік инфрақұрылымының желілері ғана емес,сонымен қатар объектілер жабдықтарының да айтарлықтай тозығы жеткен. Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 3528 шақырым. Оның 1941,2 км желі ауыстыруды қажет етеді»,- деп атап өтті әкімдік өкілдері.

Айта кетейік, Түрксіб ауданындағы суық су желілеріндегі апатты жою жұмыстары 21 сәуір күні басталған болтын.
Соңғы жаңалықтар
telegram