Алматының Түрксіб ауданында үйлер ыстық судан ажыратылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Алматы жылу желілері» ЖШС мәліметінше, 2023 жылдың 8 мамыры мен 9 маусым аралығында Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су тоқтатылады.

8-19 мамыр аралығында мына көшелерде ыстық су болмайды:

- Спасская - Днепровская - Клара Цеткина - Урицкий.

10 мамырдан 9 маусымға дейін:

- Закарпатская - Ахметова - Огарева - Қалмаржын.

10-17 мамыр аралығында:

- № 13 шағынауданында ыстық су шектеледі.

15 - 19 мамыр аралығында:

- Станкевич - Стахановская - Будденный - Ғанибет.

22 - 26 мамыр аралығында:

- Лисаковская - Волочаевская - Береке - Айша Бибі көшелерінде.

Компания ақпаратына сүйенсек, шектеулер қазандықтардағы су жылыту жабдықтарын жөндеу жұмыстарына байланысты.


Соңғы жаңалықтар