Алматының Түрксіб ауданында ыстық су болмайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының Түрксіб ауданында ыстық су болмайды

«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, 2021 жылдың 12-16 шілде аралығында Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су тоқтатылады.

Ыстық су мына көшелерде болмайды:

- Хмельницкий – Куйбышев – Бакинский – Староэлеваторская;

- Папанина – Ереванская – Стальского – Сүйінбай;

- Кассина – Жұмабаев – Бехтерева – Шереметьева.

Компанияның мәліметінше, шектеулер қазандықтардағы су жылыту жабдықтарын жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіліген.