Алматының үш ауданына 30 шақырымдық газ құбыры тартылады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін хабарланғандай, қала әкімі Ахметжан Есімов экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында алдағы 3 жылда қаланы газ отынына қосу туралы тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес, жүзеге асырылатын газдандыру биыл Жетісу, Әуезов, Түрксіб аудандарында жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар Алматының қоғамдық көлігін газбен жүргізу ісі де қолға алына бастамақ.
«Алдағы уақытта коммуналдық қоғамдық көлік паркі ашылады. Оған жаңа 200 автобус алу көзделіп отыр. Бұл көліктердің барлығы газбен жүретін болады. Бұдан өзге жылу орталықтарына (ЖЭС- 1, ЖЭС- 2) отын ретінде газды пайдалану да қарастырылуда. Оған дейін ЖЭС-1 мен ЖЭС-3 - те заянды қалдықтарды сүзетін құралдар орнатылып, ауаның ластануы азайтылады. «Алматы электр жүйелері» АҚ-ның кәсіпорындары газға көшіріледі. Бұған 2014 жылы іске қосылатын «Бейнеу-Шымкент» газ желісі ықпал етеді. Бұл жоба іске асса, зиянды заттар шығару көлемі 15 пайызға немесе жылына 20 мың тоннаға азаяды», дейді Е.Шорманов.
Бұнымен қатар болашақта энергетика және сумен қамтамасыз ету салаларында экологияға залал келтірмейтін шаралар жүзеге асырылады. Бұл ретте энергия сақтағыш технологияларға жіті назар аудрылмақ. 2009 жылдың тәжірибесі көрсеткеніндей, осындай технологияны қолдану қала әкімдігінің ғимаратында электрді пайдалануды 38 пайызға азайтқан.