Алматының үш көшесінде жаңа жол белгілері қойылып жатыр
Бұл туралы әлеуметтік желілерде жариялана бастады.
Видеода көрсетілгендей әл-Фараби, Саин мен Шығыс айналма жолы көшелерінде жолда жылдамдық шектеліп, соған сәйкес арнайы белгілер орнатылып жатыр.
Қалалық құқық қорғау органдары ертеңнен бастап дайындық процесі басталатынын айтты.
Бұл туралы полиция алдын ала қоғамға хабарлама жариялаған болатын.
Айта кету керек, Алматы полициясы мұның алдында 2019 жылдың 15-қаңтарынан бастап аталған магистральдарда орташа жол қозғалысының жылдамдығы сағатына 80 километрден 60 километрге азаятынын айтқан болатын.
Бұл өз кезегінде қоғамдық көліктердің қозғалысын жеңілдетіп, жол апатының алдын алуға ықпал етеді.
Полиция таратқан мәліметке сәйкес, әлемдік тәжірибеде жол жүру жылдамдығын 5 пайызға ғана азайтудың арқасында жол апатынан болатын адам өлімін 10-20 пайызға азайтуға болады.