Алматының үш шағынауданында жолдар қалпына келтіріліп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бақытжан Сағынтаев Алматының Медеу ауданындағы жолдар мен әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының үш шағынауданында жолдар қалпына келтіріліп жатыр

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Думан», «Алатау» және «Көлсай» шағын аудандарында болды.

Бұл жерде қала тұрғындарының өтініші бойынша жол, спорт нысандары және инженерлік коммуникациялар салынып жатыр.

Медеу ауданында абаттандыру бойынша жүзеге асып жатқан ауқымды жобалардың бірі су қорғау жолағын және Есентай өзенінің арнасын су бөлгіштен Жамақаев көшесіне дейін реконструкциялау.

Қала әкімі жағалаулардың жөнделген және нығайтылған учаскелерін, сондай-ақ өзен арнасының кеңейген әрі тереңдетілген жерлерін аралап көрді.

Жаяу жүргіншілер жолы аралас жасалады, яғни кейбір бөліктерге асфальт төселеді, басқалары ағаштан жасалады.

Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға барынша ыңғайлы болу үшін баспалдақсыз жайлы өтпелі жол жасауды тапсырды.

Жалпы ұзындығы 4,2 шақырым болатын жаяу жүргіншілер аумағының бойына сыртқы жарықтың 350 бағанасы мен кіші сәулет пішіндері орнатылады, қоқыс жәшіктері, орындықтар қойылады, мұнда балалардың ойын алаңдары, жаяу жүргіншілер көпірлері мен көру палубалары болады.

Санитарлық-гигиеналық құрылғылар орнату да қарастырылған.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша жаңа Тереңқұрға айналатын жаяу жүргіншілер аймағы абаттандыру жұмыстары аяқталған соң серуендеу үшін кезең-кезеңмен ашылатын болады.

Думан шағын ауданында жолдар жөнделіп жатыр. Бүгінде ұзындығы 5,2 шақырым болатын 14 көшеге асфальт төсеу аяқталды. Ұзындығы 22,2 шақыры 39 көшеге асфальт төселеді.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде Таиров көшесінің тұрғындары өтініш білдірген көшкін қаупі пайда болған жағдаймен де жіті танысты.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша жақын арада беткейді нығайту жұмыстары басталады. Таиров көшесінің бойына орналасқан 72 үй тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Алматы әкімі «инновациялық технологиялыр паркі» арнайы экономикалық аймағының жанына орналасқан Алатау шағын ауданын дамытуға ерекше назар аударды.

Алматы әкімінің тапсырмасымен бірінші кезекте күрделі жөндеуді қажет ететін аурухана ғимаратына сараптама жүргізіледі. Мұнда шағын ауданның 10 мыңнан астам тұрғынына медициналық қызмет көрсетіледі.

Қала әкімі 1200 оқушыға есептелген №7 мектептің ғимаратын күрделі жөндеу жұмысының барысымен танысты. Мектеп жаңа оқу жылына дейін дайын болады.

«Бюджетке қатысу» аясында абаттандыру жұмыстары жүріп жатқан Ардагерлер аллеясына барған әкімге жергілікті тұрғындар жасөспірімдерге арналған скейт-парк салуды сұрады.

Алдағы уақытта бұл мәселе зерделенетін болады.

Бұдан өзге, қала әкімі тұрғындардың өтініші бойынша аумағы жеке меншікке тиесілі Ұлы Отан соғысы ардагерлері скверінің қазіргі жағдайымен танысты. Жер телімінің иесі саябақты абаттандыру жобасын әзірлеуге және оны ұсынуға ниет білдірді.

Сондай-ақ, Баөытжан Сағынтаев «Көлсай» шағын ауданындағы жалпы ұзындығы 15,1шақырым сумен жабдықтау және судан бұру жөніндегі инженерлік желілердің құрылыс қарқынымен танысты.

Бүгінде мұнда 14,5 шақырым желі тартылған. Құрылыс аяқталған соң жол жамылғысын қалпына келтіру жоспарланған.

Жұмыс сапарының соңында қала әкімі әл-Фараби даңғылы бойымен Меңдіқұлов көшесінен Достық даңғылына дейін созылған тоғыз қабатты 22 үйдің қасбеттерін ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысын көрді.