Алматының үздік оқушылары «Үркер» төсбелгісін иеленді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов халықаралық және республикалық олимипиадаларда озық шыққан 323 үздік оқушыға «Үркер» төсбелгісін табыстады.
None
None

Марапатталған оқушылардың ішінде ғылым және өнер саласындағы додаларға қатысып, үздік нәтиже көрсеткен 9-11 сынып оқушылары болды.

«Алматыда дарынды балалардың саны артып келеді. Алматы қалалық командасы биыл республикалық пәндік олимпиада мен республикалық деңгейдегі ғылыми байқауларда бірінші орынды иеленді», - деді қала басшысы.

Қала басшысының айтуынша, 2014 жыл - Білім жылы деп аталғаны тегін емес. Биыл көптеген білім ордаларының материалдық жағдайын жақсартуға басымдық берілмек.

«Биыл бірнеше заманауи мектеп салынады, көптеген оқу орындарының материалдық жағдайы жақсартылып, қажетті құрал-жабдықтар алынады. Сондай-ақ білім сапасын арттыру үшін бірқатар шаралар жүзеге асырылады», - деді ол.

Шара барысында қала басшысы сондай-ақ озат оқушылардың ата-аналары мен оқытушыларына алғысхаттар мен Құрмет грамоталарын табыстады.

Айта кетейік, «Үркер» төсбелгісі 2009 жылы бекітілген. Алты жыл ішінде 1252 озат оқушы аталған белгіге ие болған.

Соңғы жаңалықтар