Алматының жаңа ауданында «Street Workout» алғашқы спорт алаңы ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат-Бүгін Алматы қаласының жаңа Наурызбай ауданында тұңғыш рет «Street Workout» спорт алаңы ашылды.

Алматының жаңа ауданында «Street Workout» алғашқы спорт алаңы ашылды

«Бәйтерек» орталығы аумағында орналасқан бұл спорт алаңы ҚР Тәуелсіздігі күніне орай ашылды. Бұл шараның басты мақсаты - жастарды саламатты өмір салтын ұстануға және спортпен айналысуға шақыру», - деді Алматы қ. жастар саясаты мәселелері басқармасының жетекшісі Маркен Ахметов.

Айта кетелік, бұған дейін дене шынықтырудың бір түрі болып келген «Street Workout» - бүгінде спорттың жаңа түріне айналды десе де болады. Онда жастар турникте, қырлы бөренелерде және басқа да қондырғыларда әр түрлі күрделі жаттығулар жасайды.

«Бұл спорттық қозғалыстың қолға алынғанына көп болған жоқ. Алайда, ол бүгінде бүкіл әлем бойынша қарқынды дамып жатыр. Өйткені, ол өте қолжетімді. Арнайы алаң мен қажетті қондырғылар болса жеткілікті. Кез келген адам қалаған уақытында келіп, тегін жаттыға алады», - деді М. Ахметов.