Алматының жедел жәрдем қызметі ауқымды диагностика жасайтын болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қалалық Денсаулық сақтау басқармасының кеңейтілген алқалы отырысында Денсаулық сақтау саласының жедел жәрдем жұмысына енгізілетін инновациялық технологиялар туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Алматы жедел жәрдем стансасының жұмысына инновациялық өзгерістер енгізу жоспарда бар. Атап айтқанда, Smart-медицина жүйесі бойынша жедел жәрдеммен келген дәрігерлер мен фельдшерлер сол жерде ауқымды диагностика жасайтын болады. Яғни, сол жерде УЗД аппаратына түсіріп, қан көрсеткіштерін цифрлық талдай алады. Бұл ақпараттың бәрі медициналық мекемелерге интернет арқылы жедел жеткізілетін болады. Мұның арқасында адамды стационарға жеткізбеу жағдайын толық білуге болады», - деді С.Мусинов.
null 

Басқарма басшысы Серікбол Мусиновтың айтуынша, медициналық жедел жәрдем стансасы қызметінің көптеген көрсеткіші жақсарды. 103 бригадалары жеделдік мақсатында арнайы гаджеттермен қамтылатын болады.

«Енді жедел жәрдем стансасы тәулігіне  орта есеппен 177 дейін қызмет көрсете алады. Бұрын бұл көрсеткіш 167-ге жетті. 1-3 жеделдік санатындағы шақырулардың үлесі 16,3-тен 16,1% дейін қысқарды. Жеделдіктің 4-санаты бойынша 10,9-дан 9,1%-ға дейін қысқарды. Қалалық жедел жәрдем стансасы автопаркінің 20%-і жаңартуды талап етеді. Ал республкиа бойынша бұл көрсеткіш 56% болып отыр», - деді басқарма басшысы Серікбол Мусинов.
null 

Айта кету керек, 2017 жылы қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы Жедел жәрдем бригадаларының II-ші республикалық жарысында және Литвада өткен медициналық жедел жәрдем бригадаларының  11-ші Халықаралық жарысында бірінші орынды иеленген болатын. 

Соңғы жаңалықтар