Алматының жедел жәрдем қызметі күзгі-қысқы кезеңге дайын екендігін мәлім етті
«Қаланың жедел медициналық жәрдем қызметі күзгі-қысқы кезеңге дайын. Біздің болжауымызша, қазіргі мүмкіндікпен екінші кезең басталған шақта тәулігіне 9 мыңнан астам өтінішті қабылдап, тәулігіне 500-ге дейін пациентті ауруханаға жатқыза аламыз. Күнделікті жедел жәрдем бригадалары мен диспетчерлердің әртүрлі ауырлықтағы жағдайларды модельдеу сынды жоғары дайындық режимінде оқу-жаттығу өткізіледі», - деді Камалжан Надыров.
Оның айтуынша, жедел жәрдем жұмысында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануының нәтижесінде жүктеменің азайғаны байқалады.
«Өткен айда жедел жәрдемді шақырту саны тәулігіне 280 болды, бүгінде 172. Бірінші-үшінші санат бойынша шақырту саны тәулігіне орта есеппен 1 500-ден аспайды. Осы шақыртуларда ЖРВИ, пневмония және коронавирусқа қатысты өтініш санының төмендегенін айтқым келеді. Бұл 8%-дан аспайды», - деп толықтырды ол.