Алматының жерасты жолдары қалай өзгерді?

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда барлық жерасты өтпелі жолдарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары аяқталып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының жерасты жолдары қалай өзгерді?

Қала әкімі Бауыржан Байбек жаңарған жерасты өтпелі жолдарын қарап шықты.
null 

Қазір жерасты  дәліздерінде диодты жарық көздері мен қозғалыс құрылғылары, дыбыс динамикалары орнатылған. Өтпелі жолдардың төбелері арнайы жанбайтын материалдардан жасалса, қабырғалары ашық әдемі суреттермен безендірілген.

Ұлттық кітапхана жанындағы Абай мен Абылайханның бұрылысындағы жерасты өтпелі жолдың қабырғаларына қазақ ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевтың нақыл сөздері жазылған.

Республика Сарайына қарсы орналасқан жерасты өтпелі жолдың қабырғасында «Жеті қазына» атты қазақ көшпендісінің жеті байлығы көрініс тапқан.

«Қауіпсіз қала» бағыты аясында жерасты өтпелі жолға жаңа сипаттағы бірнеше видеокамералар орнатылған. Жаңа камералар адамның жүзін анықтауға мүмкіндік береді.

Әкім Бауыржан Байбек қала тұрғындарынан сәл шыдамдылық танытуды сұрады.

«Биыл 160-тан астам көше жөндеуден өтті, 600-ден астам аула абаттандырылады. Қаланың тарихи орталығы модернизациялануда. Тек соңғы жылы ғана 800 шақырым инженерлік желі жаңарды. Әрине, жөндеу жұмыстарының қала тұрғындарына жайсыздық тудыруы мүмкін. Мен олардан сәл ғана шыдамдылық танытуды өтінемін. Көшелерге реконструкция жүргізу кезінде құрылыс ережесін сақтамаған бірқатар ірі құрылыс ұйымдары айыппұл төледі. Барлық жұмыстар сапалы әрі қысқа мерзімде аяқталады. Кейін осы құрылыс компаниялары «құрылыс мәдениетін» игеріп, жөндеу жұмыстарын қала тұрғындарына еш кедергісіз жүргізетін болады», - деді Бауыржан Байбек.

null null null