Алматының жол полицейлері ірі жол-көлік апатынан кейін ізін суытқан шетелдік көліктің жүргізушісін ұстады

АЛМАТЫ. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Алматының жол полицейлері ірі жол-көлік апатынан кейін ізін суытқан шетелдік көліктің жүргізушісін ұстады, деп хабарлады қалалық ІІД-нің жол полиция басқармасынан.
None
None

Ол 25 жастағы алматылық тұрғын, «Лексус RX 300» көлігінің жүргізушісі болып шықты. Ағымдағы жылдың 12 наурызында сағат 00.20-да «Лексустың» жүргізушісі Жандосов және Карская көшелерінің қиылысында жол қозғалысы ережесін бұзып, қарсы бағытқа қарай шығып кеткен.

«Жол қозғалыс ережесін өрескел бұзған жүргізушінің әрекеттері бірнеше көліктердің қатысуымен болған жол-көлік апатының орын алуына әкеп соқты. «Лексустың» жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, Жандосов көшесінен батысқа қарай бет алған «Дэу Нексиа NS» көлігімен соқтығысты. Онымен бірге Жандосов көшесінен шығысқа қарай бет алған тағы да бір «Мерседес Бенц 280 Е» көлігімен соқтығысты. Бұл көлік апатында «Тойота Прадо» көлігі зақымданды», - деді Алматы қаласы ІІД жол полиция басқармасы іздестіру бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Рашид Ахметқазин.

Апаттың салдарынан «Дэу Нескиа» көлігінің екі жүргізушісі оқиға орнында жантәсілім етті, ал бұл көліктің жүргізушісі, сондай-ақ «Мерседес» көлігінің жүргізушісі апаттың салдарынан алған көптеген жарақаттармен 7-ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

«Жедел-іздестіру тобы жол-көлік апатынан кейін ізін суытқан Алматы қаласында тұратын, 1987 жылғы А., есімді азаматтың ізіне түсті. Ол уақытша оқшаулау абақтысына тоғытылды», - деді полиция полковнигі Р. Ахметқазин.

Соңғы жаңалықтар