Алмаз Нұразхан: Елдегі кезектен тыс сайлау туралы шешім - аса маңызды қадам

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елдегі кезектен тыс сайлау туралы шешім - аса маңызды да сәтті қадам. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейдің директоры Нұразхан Алмаз алдағы сайлауға қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алмаз Нұразхан: Елдегі кезектен тыс сайлау туралы шешім - аса маңызды қадам

«Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Ата заңы - Конституцияға сәйкес, 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасы Президентінің қоғамдық-саяси нақты қадамдарын қолдай отырып, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мақсат- міндеттер мен алдағы уақытта ұсынылған мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуы үшін елдегі кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау аса маңызды да сәтті қадам», - деді Нұразхан Алмаз.