Алмазбек Атамбаев арнайы жасаққа оқ атқанын мойындады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау үшін оның үйіне келген арнайы жасақ үшінші қабатқа көтерілгенде жоғары қарай бес-алты рет оқ атқанын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА 24.kg сайтына сілтеме жасап.

«Қару тек менде ғана болды. Арнайы жасақ үшінші қабатқа көтерілгенде жоғары қарай бес-алты рет оқ аттым», - деді Алмазбек Атамбаев.

Оның айтуынша, бөлме қараңғы болған. «Рикошет болған шығар, бәлкім тиген шығар, білмеймін. Мен жігіттердің ешбіріне дәл тигізуді ойлаған жоқпын, бірақ әлдекім оларды алға қарай итермелей берді. Мен бірден қарсыласатынымды айтып ескерттім. Мұны менің жігіттерімнің мойнына ілмеуі үшін ашық айтып отырмын», - деді Атамбаев.

Алмазбек Атамбаев қарудың бәрін жинап алып, үйінің үшінші қабатына жиып қойғанын жеткізді. «Халық бәрін тапсырды, біз ешкімнің қолына қару бермейміз», - деді ол.

Еске сала кетейік, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасақ мамандары бұрынғы Президент Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясын жүргізді. 

Алайда, оқиғаға Атамбаевтың жақтастары араласып, арнайы жасақты оның үйіне кіргізбеген. Атамбаевты ұстау үшін екінші рет әрекет жасаған кезде, жаппай тәртіпсіздіктер басталған. Қақтығыста адам шығыны болған.

Бұдан тыс, қырықтан астам адам зардап шеккен

Зардап шеккендердің арасында Шу облысы Ішкі істер бас басқармасының бастығы Самат Құрманқұлов та бар. Қазір дәрігерлер оның өмірін сақтап қалудың қамында.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр.


Соңғы жаңалықтар
telegram