Алмазбек Атамбаев ресми түрде Қырғыз Республикасының Президенті қызметіне кірісті

БИШКЕК. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Құлышманов/ - Бүгін Бішкек қаласының Т.Сатылғанов атындағы Ұлттық филармониясында Қырғыз Республикасының жаңадан сайланған Президенті Алмазбек Атамбаевты салтанатты түрде ұлықтау рәсімі өтті.
None
None

Инаугурация рәсімінде сөз сөйлеген өтпелі кезең Президенті Роза Отынбаева Алмазбек Атамбаевтың жаңа қызметте әділ және адал жұмыс істеп, өзінің білімі мен тәжірибесін елдің бірлігіне, қауіпсіздігі мен гүлденуіне бағыттайды деген сенімін білдірді.

Бұдан кейін ОСК төрағасы Туйгунаалы Абдраимов қаулының мәтінін оқыды, Алмазбек Атамбаев Конституцияның арнайы данасына қолын қойып ант қабылдады.

Қырғызстанның төртінші Басшысына президенттік штандарт, төсбелгісі мен ҚР Президентінің куәлігі табысталды. Сол мезеттен бастап ол ресми түрде қызметіне кірісті.

Соңғы жаңалықтар