Алмазбек Атамбаев ресми түрде Қырғызстан президенті болып жарияланды
Алмазбек Атамбаев Қырғызстан президенті болып сайланды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тұйғынаалы Әбдірайымов хабарлады.
Сайлаудың ресми нәтижелеріне сай, А.Атамбаев сайлаушылардың 62,52 пайыз дауысын, Адахан Мадумаров 14,78 пайызын, Камчыбек Ташиев 14,32 пайызын иеленді.
12 қарашада өткізілген өз отырысында ОСК аймақтық сайлау учаскелері ұсынған хаттамалар мәліметтері негізінде Қырғызстан президентін сайлаудың нәтижелері туралы хаттаманы қабылдап, бекітті.
Хаттамаға сәйкес, республика сайлаушыларының 62,52 пайыз дауысын жинаған Алмазбек Атамбаев Қырғызстан президенті болып сайланды. Отырыста А.Атамбаевты Қырғызстан президенті ретінде тіркеп, оған тиісті куәлік пен айырмалық белгілерді беру туралы шешім қабылданды. Хаттамаға Орталық сайлау комиссиясының барлық мүшесі қол қойды.