Алмазбек Атамбаев уақытша Қырғызстан үкіметі басшылығынан кетеді
БІШКЕК. 15 тамыз. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Алмазбек Атамбаев уақытша Қырғызстан премьер-министрі қызметінен кетеді.
Қырғыз Республикасының жаңа Конституциясында премьер-министрдің республика президенті сайлауына түсуіне байланысты шешім қабылдауына орай осындай норма қарастырылған.
Жексенбі күні Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясы съезі болып, делегаттар Алмазбек Атамбаевты Қырғыз Республикасы Президентіне үміткер ретінде ұсынған шешім қабылдады.