Алпамыс Көшкінбаев Жаңақала ауданына әкім болды

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық маслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Жаңақала ауданының әкімі лауазымына Алпамыс Жаңабайұлы Көшкінбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алпамыс Жаңабайұлы Көшкінбаев 1984 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Математика» және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің оқытушысы болып бастаған.

Әр жылдары Орал қалалық ішкі саясат, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының бас маманы болды.

Сондай-ақ, Орал қаласы мәдени-ағарту бірлестігінің директоры, Бөрлі ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі, бөлім басшысы, Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2022 жылғы тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып қызмет етті.


Соңғы жаңалықтар