Алпауыт әуе компаниясы ереуілге байланысты 4 мыңға жуық рейсті тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның ірі «Lufthansa» әуе компаниясы ұшқыштардың ереуіліне байланысты осы аптаның соңында өзінің рейстерінің басым бөлігіне тыйым салынатындығы туралы мәлімдеді.

Алпауыт әуе компаниясы ереуілге байланысты 4 мыңға жуық рейсті тоқтатты

Жалпы әуетасымалдаушы 3800-ге жуық рейсті тоқтатты, бұл өз кезегінде 420 мыңға тарта жолаушының сапарын бөгейді. Жоспарлы ереуілдің үш күнінде 500 ғана рейс жүзеге асырылмақ.

Атап айтқанда, неміс әуежайларында персоналдың ереуілі салдарынан «Lufthansa» 600 рейсті тоқтатуға мәжбүр болғандарын, мұндай шараға ұшқыштар да дайындалып жатқандығын жариялады.

Олар жалақыны көтеру мен зейнеткерлік жасына жақындаған ұшқыштардың жұмыс жағдайын жақсарту жайын талап етуде, деп жазады ВВС.