Alphabet компаниясы құны бойынша Apple-ден асып түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Google» басқарушы құрылымының қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде пайда болған «Alphabet» нарықтық капиталдандыру бойынша «Apple-ді» басып озып, әлемдегі қымбат компания атанды. Бұл туралы CNBC хабарлады.

Alphabet компаниясы құны бойынша Apple-ден асып түсті

Қазіргі сәтте компания құны $ 570 млрд, Apple - в $535 млрд бағаланған.
Холдинг акциясы 2015 жылғы төртінші тоқсан үшін компания есебін жариялағаннан кейін 9 пайызға өсті.

Соңғы рет Google Apple-ден 2010 жылы қымбатырақ болды, Ол кезде екі компанияның да нарықтық капиталдануы $200 млрд. аспаған.