Әлішер Тұрғанбай ауыр атлетикадан Қазақстан рекордын жаңартты
АСТАНА. KAZINFORM – Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты жаңа рекордпен басталды.
Бүгін Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ерлер арасында 60 келідегі жеңімпаздардың есімі белгілі болды.
Жұлқа көтеру сайысында Азамат Төлеген 122 келіні көтеріп, жаңа рекордты тіркесе, артынша Әлішер Тұрғанбай 123 келімен көрсеткішті жаңартты.
Әлішер Тұрғанбай (Түркістан обл) - 271 келі (123+148)
Азамат Төлеген (Қызылорда обл) - 269 келі (122+147)
Исламжан Музапаров (Жетісу обл) - 252 келі (109+143)
2025 жылғы осы салмақтағы Қазақстан чемпионатының нәтижесі:
Азамат Төлеген (Қызылорда обл) - 262 келі (119+143)
Әлішер Тұрғанбай (Түркістан обл) - 256 келі (114+142)
Исламжан Музапаров (Жетісу обл) - 244 келі (104+140)
Айта кетелік қазақстандық ауыр атлеттер Мысырдағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алған еді.