Алтай ауданында су тасқыны жағдайы тұрақталды

АСТАНА. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысына қарасты Алтай ауданында тәулік бойы жүргізілген су тасқынының алдын алу жұмыстарының нәтижесінде су басқан барлық тұрғын үй аумақтарынан судың бағыты бұрылды.

су тасқыны
Фото: Үкімет

«Барлығы 370 қап төселіп, 1 335 тонна инертті материал төгілді. Мотопомпалардың көмегімен 27 800 текше метр су сорылды. Жалпы, облыстың өзендеріндегі су деңгейі қауіпті белгіден аспайды», - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.

Белгілі болғандай, Атырау облысында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы 5 күнде Құлсары қаласында 176 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылған. Мотопомпалардың және жылжымалы сорғы станциялардың көмегімен қалған 180 үйден су сору жұмыстары жүргізілуде. Мұндай жұмыстар Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында да жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар