Алтай аумағында жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кеше 2014 жылғы 6 сәуірде Алматы уақытымен 21 сағат 07 минут 55 секундта (Гринвич бойынша 2014 жылғы 15 сағат 07 минут 55 секундта) «ҚР БҒМ СТӘЭ» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеген.

Алтай аумағында жер сілкінді

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жер дүмпуінің кіндігі Ресей аумағында Алматы қаласының солтүстік-шығысынан 1111 шақырым жерде Ресейдің Алтай Республикасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық күші - 13.1. Тербелісі MPV 5.5. Жер дүмпуі ошағының координаттары: солтүстік ендікте - 50.06°, шығыс бойлықта - 87.43°. Тереңдігі - 5 шақырым. Жер асты дүмпулерінің сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша) Зыряновта - 2-3 баллды құрады.