«Алтай» футбол командасын Вахид Масудов жаттықтырады

АСТАНА. KAZINFORM – «Алтай Өскемен» футбол клубының бас бапкері болып ел футболының ардагері, Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері - Вахид Масудов тағайындалды. Бұл туралы өскемендік клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Вахид Масудов
Фото: Kazfootball.kz

«Бапкерлік мансабын 1996 жылы «Қайрат» футбол клубында бастаған. Одан кейін қазақстандық маман «Тараз», «Атырау», «Ақтөбе», «Ордабасы», «Мақтарал» командаларын және 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырған. Сондай-ақ Масудов Super bol жобасында қызмет етті», - делінген хабарламада. 

Жаттықтырушылар құрамына жергілікті мамандар, жаттықтырушының көмекшісі – Вячеслав Александрович Зинюков, дене шынықтыру жаттықтырушысы – Егор Сергеевич Скулкин, қақпашылар жаттықтырушысы – Илья Евгеньевич Байтеряков кірді. 

Еске салсақ, бұған дейін «Ертіс» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар