Алтай қаласында өрт кезінде 6 адам эвакуацияланды

Екінші қабатта орналасқан пәтерде зал бөлмесінде жеке заттар, жиһаздар, төбенің ағаш конструкциялары жанып кетті. Келген өрт сөндірушілер бөлімшелері түтіннен қорғау қызметінің буынын құрды, олар түтін үй-жайына еніп, 6 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.
«Өрт 9 шаршы метр алаңда сөндірілді. Барлығы 3 техника және жеке құрамнан 7 адам жұмылдырылды. Өрттің алдын-ала себебі - мас күйінде темекі шегу кезіндегі абайсыздық», - деп мәлімдеген ШҚО ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Тұтанып тұрған папиростың максималды температурасы 300-420° аралығында, жану ұзақтығы - 4-8 минут. Темекі жарты сағат бойы бықсуы мүмкін, сол кездегі оның температурасы 310-320° құрайды. Одан кейін ол сөнеді, бірақ бұған дейін ол түскен материалдың тұтанып кетуіне себепші болуы мүмкін. 1-4 сағат ішінде жаңа жану ошағы (материалдың қасиеттеріне және жылу беру жағдайларына байланысты) өртке айналуы мүмкін.
Мыналарды ұмытпаңыз:
– төсекте темекі шегу немесе креслода отыру, әсіресе мас күйінде, бұл жағдайда ұйықтап кету өте оңай. Егер сіз темекіні уақытында сөндірмесеңіз, одан киім немесе жиһаз өртенуі мүмкін.
- тіпті сөндірілген темекіні де қағаздар мен басқа да жанғыш қалдықтары бар қоқыс жәшіктеріне тастамаңыз, ол өртеніп кетуі мүмкін.
- қағаз діңгектерін немесе сіріңке қораптарын күл салғыш ретінде қолдануға болмайды