«Алтай» клубы волейболдан Қазақстан кубогын жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Өскемендегі «Жекпе-жек» сарайында волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан кубогы додасы мәреге жетті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алтай» клубы волейболдан Қазақстан кубогын жеңіп алды

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, финалдық кездесуде өскемендік «Алтай» мен Алматы облысының намысын қорғаған «Жетісу» клубы кім мықтыны анықтады.

Аса тартысты өткен кездесу нәтижесінде 3:1 (25-19; 25-17; 23-25; 25-22) есебімен «Алтай» клубы жеңіске жетті.

Кубоктық доданың қола жүлдесі «Ертіс-Қазхром» командасына бұйырды.

«Финалдық кездесу аса тартысты өтті. Қарсыластарымыз осал емес. Бірақ тәжірибе мен бір-бірімізге деген сенімнің арқасында біз жеңіске жеттік. Маусымды жеңіспен аяқтағанымызға қуаныштымын», - дейді «Алтай» ойыншысы Сана Анарқұлова.



Фото: www.olympic.kz