Алтай Көлгінов елорданы газдандыру қалай жүріп жатқаны туралы айтты
«Бірқатар елді мекендегі орамішілік газбен жабдықтау желілері құрылысының барысын тексеріп, тұрғындармен кездестім. Железнодорожный елді-мекенінде газбен жабдықтау тарату желілерінің 100, Промышленный- 80, Көктал 1 - 70 пайыз, Көктал 2-де екі көшеде өткізу қалды. Бұл жұмыстар Агрогородок, Юго-Восток елді-мекендерінде де жүргізіліп жатыр», - деді жазды қала басшысы.
Оның атап өтуінше, газ желілерін үйлерге жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Көктал-1/2, Железнодорожный, Промышленный, Агрогородок тұрғындары үшін (Тілендиев даңғылы – Көктал – т/ж жолы – Бөкеев көшесі шекарасында) үйлерді газбен жабдықтау желілеріне қосу үшін техникалық шарттарды берудің тегін рәсімі басталды. Ол үшін болашақ 4/2 және Ж.Жабаев 12/2 көшесінде фронт-кеңселер ашылды.
«Аталған елді мекендер, оның ішінде Агрогородок пен Юго-Востоктың тұрғындарының қосып алуына мүмкіндік бар. Тұрғындар үшін тегін есептегіштер қарастырылған. Елорданы газдандырудың өзі үш кезеңнен тұрады. ЖЭО-1/2 күзде газға ауыстырылады. Кездесу барысында Көктал-2 және Агрогородок тұрғындары жарықтандыру, аялдама орнату, қосымша автобус бағытын іске қосу, жол құрылысы және басқа да мәселелерді көтерді», - деді Алтай Көлгінов.