Алтай Көлгінов: LRT жобасын аяқтаймыз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеңіл рельсті (LRT) жобасы аяқталады. Елорда әкімі Алтай Көлгінов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жоба аяқталады. Президенттің тапсырмасы бойынша LRT құрылысы жобасын едәуір оңтайландырдық. Қабылданған шаралардың нәтижесінде шығындарды үнемдеу шамамен 1,2 млрд долларды құрайды. Оның ішінде несиеге қызмет көрсету бойынша үнемдеу 800 миллион доллардан асады, құрылыс-монтаж жұмыстарына үнемдеу - 350 миллион долларды құрайды. Аялдама бекеттері 18-ден 11-ге дейін, жылжымалы құрам 19-дан 12 дейін қысқартылды, пойызды күту аралығын 10 минутқа дейін арттырып, жаяу жүргіншілер мен жерасты өткелдерін оңтайландырамыз», - деді А.Көлгінов.
Оның айтуынша, Қытайдың Даму Банкіндегі қарыз толықтай өтелді, сондай-ақ консорциум алдындағы қарызды өтеуге қаражат жұмсалды. Облигациялық қарыз қаражаты тартылды.