Алтай Көлгінов мерекелер қарсаңында елорда тұрғындарына үндеу жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов алдағы мерекелерді отбасымен өткізуге кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ең алдымен әкім карантин талаптарын сақтаған қала тұрғындары мен дәрігерлерге алғыс айтты.

«Қаладағы эпидемиялық жағдай мен санитарлық нормаларға бей-жай қарамайтын тұрғындарымызға алғыс айтқым келеді. Енді біздің тұрғындар карантинде қалай жүру керектігін біледі. Дәрігерлеріміз де биыл науқастарды емдеуге белсене атсалысып, ауқымды тәжірибе жинақтады. Барлығына, қазір де жұқпалы дертпен күресіп жүрген мамандарға алғыс айтамын», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен бірге қала басшысы алдағы мереке күндері халық көп жиналатын орындарға бармауға кеңес берді.

«Алда көптеген мерекелер келе жатыр. Мұнда халық көп жиналатын орындарға бармауға кеңес берер едім. Жаңа жылдың отбасылық мереке екені баршаға аян. Сондықтан, Жаңа жылды аурухана төсегінде қарсы алғаннан гөрі, үйде отбасының ортасында күткен жақсы ғой. Бұл күндері аса мұқият болыңыздыр!», - деді Алтай Көлгінов.

Бұған дейін елорда әкімі 15 мыңнан астам тұрғынның COVID-19 індетінен жазылып шыққанын айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар