Алтай Көлгінов жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі бойынша жауапкершілігін күшейтуді тапсырды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі бойынша жауапкершілігін күшейту керек. Елордада өтіп жатқан «KIOSH-2023» Халықаралық конференциясына баяндама жасаған Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі бойынша жауапкершілігін күшейту керек. Сонымен бірге еңбек саласына мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қатаңдату маңызды. Бұл ретте қоғамдық қадағалуға көп көңіл бөлінуі тиіс. Бұл жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы диалогты дамыта түседі. Сондықтан бізге бүгінде 245 кәсіпорында қолданылатын «Халық бақылауы» бағдарламасын кеңейту қажет. Бұған қоса, 420 кәсіпорынға енгізілген «нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасын одан әрі жетілдіру орынды болмақ», - деп Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдеріне тапсырма жүктеді Алтай Көлгінов.


Ол өңірлердегі жазатайым оқиғаларды тергеумен айналысатын комиссияның жұмыс форматын өзгертуді ұсынды. Вице-Премьердің сөзінше, олар мәселенің салдарымен емес, себебімен күресіп, қызмет бағытын алдын алу шараларына бағыттауы тиіс.

Алтай Көлгіновтің мәлімдеуінше, жыл сайын еліміздегі кәсіпорындарда 2 мың адам өнеркәсіптік жарақат алып, салдарынан шамамен 200 жұмыскер көз жұмады.


Соңғы жаңалықтар