Алтай Көлгіновтің кезінде жұмыс істеген әкімдік қызметкерлері қандай күдікке ілініп отыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының прокуратурасы жер және сәулет-қала құрылысы саласындағы заңнаманы бұзу фактілері бойынша әкімдік үстінен жүргізілген тексеру кезінде қандай фактілер анықталғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құзырлы органның мәліметіне қарағанда, тексеру кезінде құрылыс жобасына түзету енгізу, мемлекеттік меншіктен жер телімдерін беру, жобалау-іздестіру жұмыстарына рұқсат беру, сызба жобасын мақұлдау мәселелері бойынша заң бұзу фактілері тіркелген.

«Лауазымды тұлғалардың әрекетіне баға беру үшін метариалдар Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жолданды. Ол материалдар Астана қаласы әкімдігінің қызметкерлері үстінен Қылмыстық кодекстің 361-бабы бойынша (лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану – ред.) қозғалған №230000121000017 қылмыстық істің материалдарына қосылды», - делінген прокуратураның редакция сауалына жолдаған жауабында.

Дегенмен, бұл іс әкімдіктің неше қызметкерінің үстінен қозғалғаны туралы мәлімет бермеді.

Бұл мәліметтің бәрі Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің құпиясы ретінде жариялауға жатпайтыны айтылған.

Еске салсақ, Астана прокуратурасы әкімдік қызметкерлерін тексеру үшін Антикорға материалдар жолдаған болатын.

Оған дейін де БАҚ-та 2019-2022 жылдар аралығында жер учаскелерін беруге және қалада құрылыс салуға жауапты Астана әкімдігінің бөлімшелерін тексеру жүріп жатқаны туралы ақпарат тараған.

Бұл кезеңде елорда әкімі Алтай Көлгінов болған еді.

Прокуратура мамандары бастапқыда ондаған мектеп, аурухана мен балабақша салу жоспарына 61 рет түзету енгізіліп, салдарынан әлеуметтік нысандар бой көтеруі тиіс телімдерге тұрғын үйлер салынып кеткен.


Соңғы жаңалықтар